ru-RUkk-KZ
Тілді таңдау
2026 ж. 21 наурыз, сенбі

«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ пресс-орталығы

 

Хабарландырулар мен жаңалықтар

Құрметті тұтынушылар, «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап тұтынушы топтары бойынша тауарлық газдың бөлшек саудадағы бағасының көтерілетіні туралы хабарлайды
Администратор сайта
/ Санаттар: Тарифтер

Құрметті тұтынушылар, «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап тұтынушы топтары бойынша тауарлық газдың бөлшек саудадағы бағасының көтерілетіні туралы хабарлайды

Құрметті тұтынушылар, «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ 2025 жылғы 1 шілдеден бастап тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасының өсуі туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің дәлелді қорытындысына сәйкес 2025 жылғы 1 шілдеден бастап тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі 39 044 теңге ҚҚС-сыз/1000м3 құрайды, бұл өз кезегінде тауарлық газдың шекті бағасының 46 847,14 теңге ҚҚС-сыз/1000м3 деңгейіне дейін өзгеруіне әкелді.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газды өткізуге сараланған тарифтер құрайды:
1)    Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алмағанда:
I және II тұтынушылар топтары – газ тарату жүйесінен тауарлық газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтерді алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) және халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында тауарлық газды сатып алатын жылу энергетикалық компанияларға – 35 404,82 теңге/1000м3 ҚҚС-сыз;
ІІІ, V және VI тұтынушылар топтары – тауарлық газды заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары; тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII, VIII, IX, X және XI топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылар; бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар – 53 679,24 теңге/1000м3 ҚҚС-сыз;
IX тұтынушылар тобы – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) –  18 930,03 теңге/1000м3 ҚҚС-сыз;
Х тұтынушылар тобы – ірі коммерциялық тұтынушылар – 78 990,96 теңге/1000м3 ҚҚС-сыз.
2)    Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті ескере отырып:
I және II тұтынушылар топтары – газ тарату жүйесінен тауарлық газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтерді алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) және халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында тауарлық газды сатып алатын жылу энергетикалық компанияларға – 40 903,32 теңге/1000м3 ҚҚС-сыз;
ІІІ, V және VI тұтынушылар топтары – тауарлық газды заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары; тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII, VIII, IX, X және XI топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылар; бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар – 59 177,42 теңге/1000м3 ҚҚС-сыз;
IX тұтынушылар тобы – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) –  24 428,21 теңге/1000м3 ҚҚС-сыз;
Х тұтынушылар тобы – ірі коммерциялық тұтынушылар – 84 489,14 теңге/1000м3 ҚҚС-сыз.

Алдыңғы бет Құрметті тұтынушылар, «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ 2024 жылдың қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні жөнінде хабарлайды.
Келесі материал «АЛМАТЫГАЗСЕРВИС-Холдинг» АҚ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Компанияда 168 миллион теңге ұрлануына қатысты тергеудің аяқталғаны туралы ақпарат таралғанын хабарлайды.
Print
252 Rate this article:
4.0
Terms Of UsePrivacy StatementCopyright 2026 by «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ
Жоғарыға көтеріл