«АЛМАТЫГАЗСЕРВИС-Холдинг» АҚ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Компанияда 168 миллион теңге ұрлануына қатысты тергеудің аяқталғаны туралы ақпарат таралғанын хабарлайды.
«АЛМАТЫГАЗСЕРВИС-Холдинг» АҚ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Компанияда 168 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергеудің аяқталғаны туралы ақпарат таралғанын хабарлайды. Осыған байланысты жағдайды ресми түрде түсіндіруді қажет деп санаймыз.
Қаржылық қаражаттар Компанияның кейбір бұрынғы қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері нәтижесінде иемделген. Бұл әрекеттер тек ішкі сипатта болған және азаматтар мен клиенттердің қаржылық мүдделеріне әсер етпеген. Зиян тікелей Компанияның өзіне келтірілген, бұл ішкі қаржылық шығындарға және ұлттық оператор — «QazaqGaz» ҰК» АҚ алдындағы берешектің пайда болуына себеп болды.
2025 жылғы 14 шілдеде Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкіміне сәйкес, қылмыс жасауға қатысы бар бұрынғы қызметкерлер заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі таңда келтірілген зиян толық көлемде өтеліп, ұлттық оператор — «QazaqGaz» ҰК» АҚ алдындағы берешекті өтеуге бағытталды. Компания болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда және ішкі бақылау мен ашықтықтың корпоративтік стандарттарын қатаң сақтайды.
«АЛМАТЫГАЗСЕРВИС-Холдинг» АҚ қызығушылық танытқан барлық тараптарға алғысын білдіреді және заңдылық, жауапкершілік пен ашықтық қағидаттарына адалдығын растайды.