ХАБАРЛАНДЫРУ Мүдделі тараптармен кеңес өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Мүдделі тараптармен кеңес өткізу туралы
«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ «Carbon Bridge Central Asia Ltd.» жеке компаниясымен, VEMA S.A. және ICA-Finance AS компанияларымен бірлесіп, «Joint Vema S.A. - ICA-Finance AS - CBCA Ltd Implementation of Advanced Leak Detection and Repair Project at JSC Almatygasservice-Holding in Kazakhstan» атты метан шығарындыларын азайту жобасы бойынша мүдделі тараптармен кеңес өткізілетінін жариялайды.
Жоба «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-ның газ тарату желісі объектілерінде Advanced Leak Detection and Repair (aLDAR) бағдарламасын енгізуді көздейді. Бағдарлама метанның ағып кетуін анықтауға, олардың көлемін сандық бағалауға, жоюға және алдын алуға, сондай-ақ шығарындыларды анықтау мен өлшеудің заманауи технологияларын пайдалана отырып өндірістік жабдықтарды тұрақты бақылауға бағытталған.
Кеңес жоба ерікті көміртек жобаларына арналған халықаралық Verified Carbon Standard (VCS) стандартының талаптарына сәйкес тіркеуге дайындау аясында өткізіледі.
Кеңес мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жергілікті тұрғындар және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады. Қатысу жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, этникалық тиесілігіне немесе шығу тегіне қарамастан барлық ниет білдірушілер үшін ашық.
Кеңес барысында жоба, оның мақсаттары, жоспарланған іс-шаралары және ықтимал экологиялық әрі әлеуметтік әсерлері туралы ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар, жобаны VCS бағдарламасының талаптарына сәйкес жобаны тексеру және растау тәртібі туралы ақпарат беріледі. Қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіре алады. Барлық пікірлер мен ұсыныстар тіркеліп, талданып, жобаны одан әрі жетілдіру барысында қаралатын болады. Сондай-ақ, қоғамдық талқылау кезеңінде кеңес аяқталғаннан кейін де пікірлер мен сұрақтар қабылданады.
Өткізу форматы: офлайн қатысу және бейнеконференция байланысы (БКБ) арқылы қашықтан қосылу мүмкіндігімен жеке қатысу (офлайн).
Бейнеконференция байланыс (БКБ) арқылы кеңеске қатысу үшін мүдделі тұлғалар төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-ның жауапты өкіліне өтінім жолдап, алдын ала тіркелуі қажет. Тіркелгеннен кейін қатысушыға бейнеконференцияға қосылу сілтемесі және қашықтан қатысу тәртібі туралы ақпарат жіберіледі.
Өткізу тілі: орыс және қазақ тілдері.
Өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 14 тамыз, сағат 14:00.
Офлайн қатысу орны: Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Бейсебаев көшесі, 147а.
Жоба және алдағы кеңес туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша алуға болады.
Мүдделі тұлғалар кеңес өткізілгенге дейін өз сұрақтарын, ұсыныстары мен ескертулерін келесі байланыс деректері бойынша жолдай алады:
«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ
Электрондық пошта: info@gazholding.kz
Телефон: +7 (727) 712 10 68
«Carbon Bridge Central Asia Ltd.» жеке компаниясы
Электрондық пошта: assylzhan@cbca.kz
Телефон: +7 (705) 772 37 30
Жобаны талқылауға қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Кеңес өткізілгеннен кейін Сізден жоба туралы хабардар болу деңгейіңізді және оған қатысты пікіріңізді анықтау мақсатында жазбаша немесе онлайн форматтағы сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз. Онлайн сауалнама арқылы кез келген пікірді, сұрақты, ұсынысты немесе шағымды, оның ішінде анонимді түрде жолдай алатыныңызды атап өткіміз келеді. Біз алынған ақпараттың анонимдігі мен құпиялылығына, сондай-ақ Сізге уақтылы кері байланысты қамтамасыз етуге кепілдік береміз.