ru-RUkk-KZ
Тілді таңдау
2026 ж. 21 наурыз, сенбі

«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ пресс-орталығы

 

Хабарландырулар мен жаңалықтар

Құрметті тұтынушылар! «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларының көтерілетіні туралы хабарлайды.
Администратор сайта

Құрметті тұтынушылар! «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларының көтерілетіні туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі №214-VIII ҚР Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16% құрайды.
Осыған байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС-ты ескере отырып, тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газды өткізуге арналған сараланған тарифтер төмендегідей болады:
1)    Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алмағанда:
I және II тұтынушылар топтары – газ тарату жүйесінен тауарлық газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтерді алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) және халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында тауарлық газды сатып алатын жылу энергетикалық компанияларға – 41,07 теңге/м3 ҚҚС-пен;
ІІІ, V және VI тұтынушылар топтары – тауарлық газды заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары; тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII, VIII, IX, X және XI топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылар; бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар – 62,27 теңге/м3 ҚҚС-пен;
IX тұтынушылар тобы – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) –  21,96 теңге/м3 ҚҚС-пен;
Х тұтынушылар тобы – ірі коммерциялық тұтынушылар – 91,63 теңге/м3 ҚҚС-пен.
2)    Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті ескере отырып:
I және II тұтынушылар топтары – газ тарату жүйесінен тауарлық газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтерді алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) және халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында тауарлық газды сатып алатын жылу энергетикалық компанияларға – 47,45 теңге/м3 ҚҚС-пен;
ІІІ, V және VI тұтынушылар топтары – тауарлық газды заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары; тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII, VIII, IX, X және XI топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылар; бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар – 68,65 теңге/м3 ҚҚС-пен;
IX тұтынушылар тобы – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) –  28,34 теңге/м3 ҚҚС-пен;
Х тұтынушылар тобы – ірі коммерциялық тұтынушылар – 98,01 теңге/м3 ҚҚС-пен.
Назарларыңызды ҚҚС-ты есепке алмағанда тарифтердің бұрынғы деңгейде сақталатынына аударамыз.
 

Алдыңғы бет Бүгінгі жұмыс жиналысы — жаңа маусымның бастауы
Келесі материал ПТК «REGION-gaz» диагностикалық кешенін қолдану бойынша оқытудан өтуде
Print
226 Rate this article:
4.0
Terms Of UsePrivacy StatementCopyright 2026 by «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ
Жоғарыға көтеріл