«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы Алматы облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті мен Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
Инвестициялық бағдарламаның мақсаты: негізгі құралдарды жаңарту, бос қуаттылықты арттыру, қызметтерді тұрақты және тиімді ұсынуды қамтамасыз ету.