2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық газға жаңа бөлшек сауда бағалары қолданысқа енгізіледі.
Құрметті тұтынушылар!
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық газға жаңа бөлшек сауда бағалары қолданысқа енгізіледі.
Назарларыңызға саламыз, аталған өзгеріс «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-ның бастамасы немесе дербес қабылдаған шешімі болып табылмайды.
Бағаның өзгеруі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен жаңа көтерме сауда бағаларына және «QazaqGaz» ҰК» АҚ жеткізушісінің бағасына байланысты жүзеге асырылды.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы жаңа тарифтер (ҚҚС-пен):
1. Халық және жылумен жабдықтаушы ұйымдар үшін – 1 м³ үшін 63,52 теңге.
2. Атаулы әлеуметтік көмек және/немесе тұрғын үй көмегін алушылар үшін – 1 м³ үшін 30,89 теңге.
3. Бюджеттік ұйымдар мен өзге де тұтынушылар үшін – 1 м³ үшін 96,18 теңге.
4. Ірі коммерциялық тұтынушылар үшін – 1 м³ үшін 99,36 теңге.
Біздің компания табиғи монополия субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылған тарифтерді қолдануға міндетті.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!